Басты бет

«Эврика Олеум» ЖШС мұнайды барлаумен және өндірумен айналысатын компания болып табылады. Компания Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан Қолтық учаскесінде 2015 жылдан бастап мұнайды барлауға және өндіруге лицензияның жүз пайыздық меншік иесі болып табылады. Қазіргі кезде Қолтықтың келісімшарттық аумағы 44 шаршы шақырымға созылған. Компанияның Юра және Триас шөгінділерінде 2027 жылға дейін мұнайды барлауға және өндіруге лицензиясы бар. Бүгінгі күні ұңғымалардың пайдалану жинаққорында 4 өндіруші және қойнауқаттық қысымды ұстап тұру үшін айдау қорына ауыстыруға арналған 1 ұңғыма бар. Өндірістің үздіксіз жұмысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, 2018 жылы Қолтық кен орнынан сыйымдылық паркі шамамен 3 мың м3 болатын, Сарықамыс кентінің аймағындағы өзіндік жинау бекеті мен терминалына дейін ұзақтығы 32 шақырымды құрайтын, мұнай құбыры салынған болатын және іске қосылды. Сондай-ақ, ілеспе газды кәдеге жарату мақсаттары үшін, Компания электр энергиясын өндіру үшін газпоршеньдік электр станциялары мен мұнайды қыздыру (ілеспе газда жұмыс істейтін) пештерін пайдаланады. Жақын арадағы болашақта, бұрғылау жоспарына сәйкес, Компания Қолтық кен орнында жаңа өндіруші ұңғымаларды бұрғылау есебінен өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл өндірудің өсуіне, сондай-ақ негізінен, кен орнына көршілес елді мекендерде тұратын,қызметкерлердің санының елеулі артуына әкеледі.

Жаңа жаңалықтар

29 қыркүйек 2017 ж. – Компания 2027 жылғы 15 желтоқсанға дейін өнеркәсіптік өндіріс кезеңіне ресми көшті.

/ Жаңалықтар