Қолтық кен орны

Қолтық кен орны Прорвенск кен орындар тобынан оңтүстікке қарай 60 шақырым жерде, Каспий теңізінің жағалауында Өлі Қолтық шығанағының маңында орналасқан. Қолтық кен орнының мұнайы жеңіл болып табылады, орташа тығыздығы – 0,77 г/см3. Мемлекеттік теңгерімге қойылған өндірілетін қорлары С1+С2 санаттары бойынша 4 миллионнан астам. Ұңғымалардан өндірілген мұнайдың сапасы тауарлы және механикалық және басқа да қоспалардан қосымша тазартуды талап етпейді.